Сондай-ақ қараңыз
Жыл сайын ИнстаФорекс компаниясы өз клиенттері арасында премиум-класты автомобильдің немесе спорттық купенің ұтысын өткізеді. Біздің ұранымыздың бірі — трейдерлер үшін тек жақсысы! Сондықтан, біз сауда аспаптары мен сервистерін жасауға мұқият қарайтынымыздай, сенімділікті, қауіпсіздік пен жайлылықты үйлестіретін ең заманауи машиналарды мұқият таңдаймыз.
Сіз өз көлік-жайыңызда беделді маркалы керемет автоның тұрғанын қалайсыз ба? ИнстаФорекс ұтыс ойындарына қатысыңыз! Жүлдені алуға үміткер болу үшін өзіңіз ұнатқан акцияға тіркеліп, оның қарапайым шарттарын орындау керек. Әрбір акцияның жеңімпазы кездейсоқ тәсілмен, бес негізгі валюта жұбы бағамдарының соңғы сандарынан қалыптасқан санның көмегімен, соңғы күні сағат 23:59 (UTC+3) анықталады. Егер сіздің сауда шотыңыздың нөмірі жүлделі санмен сәйкес келсе немесе оған барынша жақын болса — ИнстаФорекс ұсынған элиталы автокөлікпен жолдарды бағындыратын сіз боласыз!
Ferrari F8 Tributo – двухместный спортивный автомобиль с самым мощным двигателем от итальянского производителя. Он объединяет в себе инновации и опыт, накопленный благодаря участию в чемпионатах GT и Challenge. Это серийная модель Ferrari, которая приобрела основные черты профессиональных гоночных авто.
Lamborghini Huracan Coupe теңдессіз жүріс үшін жасалған. V-10 атмосфералық қозғалтқыштың барлық күші мен үдегіштігі, бақылаудан және жүргізуден ләззат алудан бас тартусыз! Осының барлығы толық жетекті жүйенің және қос іліністі Lamborghini Doppia Frizione 7-сатылы беріліс қорабының арқасында, сондай-ақ барлық шассидің қозғалысын дәл анықтау мен автомобильді орнатуды тікелей реттеу үшін жасалған, инновациялық Piattaforma Inerziale Lamborghini. Ол сенікі болуы мүмкін!
Жаңа кроссовер BMW X6 шын мәнінде BMW осындай автомобильдерді жасаудың жаңа тәсілін көрсетті. BMW X6 бұл бір шанақтағы жол таңдамайтын көлік, купе және спорт-кар. Dynamic Performance Control жүйесі бағыттық орнықтылығына және автомобильдің керемет басқарылуына жауапты, ал xDrive интеллектуалды жүйесі толық жетектің жұмысына жауап береді. BMW X6 үшін күреске қатысуға асығыңыз!
Jaguar F-Type 2016 жылы ұтысқа тігілді. Спорткар сән-салтанатымен әрі спорттық дизайнымен таң қалдырады. Қуатты қозғалтқыш автомобильді лезде орнынан қозғап, кез -келген қашықтықта оны күмәнсіз көшбасшы етеді. Тамаша динамикасы, керемет басқарылуы және алюминийден жасалған жеңіл шанағы Jaguar F-Type-де жайлы және сенімді жүрісті қамтамасыз етеді. Ұтыс ойынына қатысыңыз, Jaguar F-Type бірге жылдамдық әлеміне бөленіңіз!
Міне, аңызға айналған Porsche Cayman 2015 жылы ұтысқа тігілді. Porsche Cayman — автомобиль жасаудағы инновациялық технологиялардың жүзеге асуы. Екі орындық спорттық купенің жарақтандыруы ерекше және ұтқыр жылдамдық пен динамикалық нәтижені көрсетеді. Porsche Cayman — имидждік қана емес, сондай-ақ өте төзімді автомобиль.
Өте мәртебелі, жайлылықтың көбірек болуы, жақсартылған интерьер және механикалық сипаттамалар — бұл Lotus Evora. Әйгілі британдық өндіруші ұсынған спорткардың ұтысы 2014 жылдың жазында өтті. Мәскеулік (Ресей) Выборнов Алексей акцияның жеңімпазы болды.
Жолдағы премиум-класты жайлылықты Porsche Cayenne — неміс концерні Porsche ұсынған кроссовер қамтамасыз етеді. Porsche Cayenne — бұл авто әлеміндегі бестселлер. Спорттық экстерьер, ішкі керемет безендіру, жолдағы орнықтылық пен жоғары өтімділігінің арқасында ол үлкен сұранысқа ие.
Керемет Porsche Cayenne 2013 жылдың қыркүйек айында ұтысқа тігілді. Норильск қаласының тұрғыны(Ресей) Троц Евгений акцияның жеңімпазы болды.
Қуатты Lotus Evora 5 секундта 100 км/сағатқа дейін жылдамдық ала алады. Оның сыртқы дизайны динамика мен әсемдікті үйлестірген, ал кабинасы жан-жақты ойластырылған және эргономикалығымен ерекшеленеді. Бұл автомобиль жарыстық тректе де, қалалық тас жолда да керемет. Көптеген сынақтар, Lotus Evora жоғары сенімділікке және жолдағы өнімділікке кепілдік беретінін дәлелдеді. 2012 жылдың жазы басталғанда жаңа Lotus Evora спорт-купенің кілтін Мәскеу облысы Подольск қаласының тұрғыны Лукинов Юрий Борисович иемденді.
Lotus Elis — бұл таңқаларлық әсемдікпен үйлескен, тамаша спорттық автомобиль. «Максимум рахат, минимум жасандылық» — ықшам, бірақ өте стильді спорткардың ұраны осы. Lotus Elise-тың классикалық дизайны, оның жайлы салоны, шапшаңдығы мен тамаша басқарылуы жақсы автоны ұнататын жандардың ешбірін бей-жай қалдырмайды. «ИнстаФорекс ұсынған Lotus ұтып ал» акциясының жеңімпазы 2011 жылы Малайзиялық Nazri Bin Zainuri болды. Ол ИнстаФорекс ұсынған автокөліктің шындық екеніне көз жеткізген бақытты адамның екіншісі.
Hummer H3 — жолсызды бағындыратын нағыз көлік. Осындай қуатты автомобиль кез -келген жерден өтеді және соқпалы жол оған түк емес. Жолдың ландшафы және ауа-райы жағдайлары Хаммерге әсер етпейді — осындай машинада отырған жүргізуші кез-келген жағдайда өзін сенімді сезінеді. Кез-келген жерден өтетін осы бір керемет автомобиль нағыз ерлер үшін жасалған! 2010 жылдың қыркүйек айында ресейлік Руслан Махаури оның иесі болды. Hummer H3 кілті оған Мәскеудегі ShowFx World көрмеде оған салтанатты түрде табысталды.