Сондай-ақ қараңыз
«Сатылы түбі»,немесе Ladder Bottom – растауды білдіретін, бұқа тренді бойынша айқарма модель.
Графикте қара күндері біртіндеп төмендейтін жабылу бағасын байқаймыз. Төртінші шырақ, нарықтың ашылу бағасынан жоғары саудалайтынын білдіреді. Фигура айқын аю трендінен кейін көрініп, нарықтың жаңа минимумда жабылуына қарамастан, сатып алушылардың күштері барын көрсетеді. Келесі күні баға жоары кетіп, баға кері қайтарылмайды. Соңғы күні жабу соңғы екі күнге қарағанда сәл жоғары болады.
1. Ашылу және жабылу бағалары біртіндеп төмендейтін үш ұзын қара шырақты көреміз. Модель «Үш қара қарғаға» ұқсас.
2. Төртінші шырақ қара түсті, жоғарғы жағында көлеңкесі бар.
3. Соңғы шырақ ақ, ашылу бағасы алдыңғы шырақтың денесінен жоғары.
Қандай да бір уақытта нарықта птөмендйтін тренд басым болды, аюлар жақсы көңіл-күйде болды. Баға едәуір құлдырағаннан кейін ашылу бағасынан көтеріліп, алдыңғы күннің максималды шыңына дейін жетіп қалды, бірақ содан кейін нарық сессияны жаңа минимумда аяқтады.
Нарықтағы мұндай динамика әдетте, нарықтың ұдайы төмендей бермейтінін түсінетін қысқа позициясы бар трейдерлерді қызықтырады. Нәтижесінде ойыншылар өздерінің қысқа позицияларын ойластырады, егер пайда олардың көңілінен шықса, онда келесі күні олар бұл позицияны жабады. Дәл осы іс-әрекеттер келесі күні жоғары қарай алшақтау тудырып, жабудың жоғары бағасына жеткізеді. Соңғы күнгі сауда операцияларының үлкен көлемі трендтің бағытты өзгерткенін білдіреді.
Модельдің төрт қара шырағы ұзын да, қысқа да болуы мүмкін, бірақ жабу бағасы әрқашан біртіндеп төмендей бастады. Соңғы шырақ – әрқашан ақ, ұзын және қысқа болуы мүмкін, бірақ осы күннің жабылу бағасы алдыңғы күннің максималды экстремумынан жоғары болады.
«Сатылы түбі» фигурасы бұқа трендімен сипатталатын «Балға» фигурасына түрленеді.
«Сатылы түбі» «Тығылған қарлығаш» моделі сияқты қалыптасады. Фигураның алғашқы үш шырағы «Үш қара қарғаға» ұқсас, бірақ бұл жағдайда нарықта аю тренді байқалады.